«Әлихан» супермаркетінің тарихы 20 жыл бұрын Шардара ауданында ашылған алғашқы сауда орталығынан бастау алады. Бүгінде «Әлихан» — аудан тұрғындарына жақсы таныс, ең ірі әрі сенімді супермаркеттердің бірі.
Күн сайын мыңдаған сатып алушыға қызмет көрсететін супермаркетіміз сапалы тауарларды қолжетімді бағамен ұсынуды басты мақсат етеді. Біз үшін әрбір тұтынушының сенімі мен таңдауы маңызды. Сондықтан тауар бағасын тұрақты әрі қолайлы деңгейде сақтау — компаниямыздың негізгі қағидаларының бірі.
«Әлихан» супермаркетінде күнделікті қажетті азық-түлік, тұрмыстық тауарлар және басқа да өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Біз әрдайым сатып алушыларға ыңғайлы қызмет көрсетіп, сапалы өнім мен тиімді бағаны қатар ұсынуға тырысамыз.
20 жылдық тәжірибе, халықтың сенімі және адал қызмет — «Әлихан» супермаркетінің басты құндылығы. Біздің мақсатымыз — әрбір отбасыға сапалы тауарды тиімді бағамен жеткізу.
Alihan – әрдайым сіздермен бірге!
